Құрылыс жұмыстарына байланысты ыстық су беру уақытша тоқтатылады

ШЖҚ «Жылу Орталығы» МКК тамыз айында қаланың магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту жобасына байланысты ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Жұмыстар келесі учаскелерде жүргізіледі:
1. Сейфуллин көшесі – Қонаев көшесінің қиылысынан «Монако» қонақүйіне дейін;
2. Қонаев көшесі – Сейфуллин көшесінің қиылысынан «Жібек» мейрамханасына дейін;
3. Абай көшесі – «Шошқалы сайдан» 2-шағынауданның №3 тұрғын үйіне дейін.

Жоба аясында 2 шақырымнан астам тозығы жеткен магистральдық жылу желілері ауыстырылады. Бұл алдағы жылыту маусымының кедергісіз өтуіне және апаттық жағдайлардың алдын алуына мүмкіндік береді.

Жұмыстардың барысы туралы ақпарат ШЖҚ «Жылу Орталығы» МКК мен Қонаев қаласы әкімдігінің ресми ақпараттық ресурстарында тұрақты жарияланып отырады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke