Қонаев қаласында «Әділет» партиясының қалалық сайлауалды штабының мүшелері белсенді жастармен кездесті. Жүздесу барысында жастарды қолдау, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, жұмыспен қамту, сапалы білім алу, кәсіпкерлікті дамыту және жастар бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Жастар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, қаладағы жастар саясатын жетілдіру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, еріктілер қозғалысын дамыту, тұрғын үйге қолжетімділік, гранттық бағдарламалар мен жұмыспен қамту бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.
«Біздің басты мақсатымыз – жастардың пікірін тыңдап, олардың бастамалары мен ұсыныстарын нақты жұмыстарда ескеру. Елдің болашағы – білімді, белсенді әрі жауапты жастардың қолында. Сондықтан жастардың әлеуетін жүзеге асыруға барлық мүмкіндік жасалуы қажет», – деді Данияр Қасқарауов.
Кездесу барысында жастар кәсіпкерлігін қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, цифрлық сауаттылықты арттыру, мәдени-спорттық жобаларды дамыту және жастардың азаматтық белсенділігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Белсенді жастар өз кезегінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру, инновациялық жобаларды қолдау, жастар ұйымдарымен өзара ынтымақтастықты нығайту және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.
«Жастардың әрбір бастамасы – еліміздің дамуына қосылған үлес. Олардың идеяларын қолдап, өз қабілеттерін жүзеге асыруына жағдай жасау – ортақ міндетіміз. Бүгін көтерілген барлық ұсыныстар алдағы жұмысымызда ескерілетін болады», – деді Жанарбек Әшімжанов.
Кездесу ашық диалог форматында қорытындыланды. Қатысушылар жастар саясатын жетілдіру, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық белсенділікті арттыру және жастардың бастамаларын қолдау бағытында өзара пікір алмасты.


