«ЖАСЫЛ ҚАЛА ҚОНАЕВ» ШЖҚ МКК ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қонаев қаласында «Әділет» партиясының қалалық сайлауалды штабының мүшелері «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қала тазалығы, абаттандыру жұмыстары, еңбек адамдарының әлеуметтік қорғалуы, еңбек қауіпсіздігі, жалақы, жұмыспен қамту және коммуналдық саланы дамыту мәселелері талқыланды.

Жүздесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Еңбек ұжымы өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ортаға салып, жұмыс жағдайын жақсарту, арнайы техникаларды жаңарту, қызметкерлердің әлеуметтік қолдауын күшейту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

«Коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегі – қаланың көркеюі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруінің негізгі кепілі. Сондықтан олардың еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік қолдау көрсету және құқықтарын қорғау – біздің басты міндеттеріміздің бірі», – деді Данияр Қасқарауов.

Кездесу барысында қаланы көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбек өнімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Еңбек ұжымы өз кезегінде коммуналдық қызмет сапасын арттыру, жұмысшыларды материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз ету, жас мамандарды тарту және еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

«Қаланың тазалығы мен көркеюі – күн сайын тынымсыз еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлердің еңбегінің нәтижесі. Олардың ұсыныстары мен пікірлері алдағы жұмысымызда міндетті түрде ескерілетін болады», – деді Жанарбек Әшімжанов.

Кездесу ашық диалог форматында қорытындыланды. Қатысушылар коммуналдық саланы дамыту, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында өзара пікір алмасты.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke