Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

Құрметті Қосқұдық ауылының тұрғындары!

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев, ағымдағы жылдың 22 ақпанында сағат 11.00-де Қосқұдық ауылының № 9 орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды № 9 орта мектептің ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-qonaev/virtual-reception/1?lang=kk ) жіберулеріңізге болады.

        Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 3 кабинетінде қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша  қабылдайды.

                                             Қонаев қаласы әкімінің аппараты

Жаңалықтар | Новости