Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Азия ойындарында жүлде алған қазақ спортшылары қанша сыйақы алады?

Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады.

Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5 000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3 000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

«Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, еліміздің әр өңірінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Спортшыларымыз жақын күндері Қытайға аттанады»,- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke