Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Қазанда Республика күні атап өтіледі. Бұл мемлекеттік мереке саналады. Биыл Республика күні (25 қазан) сәрсенбіге сәйкес келеді. Соған орай 5 және 6 күн жұмыс істейтіндер бір күн демалады. Демалыс күні басқа күнге ауыстырылмайды.

Бұл айда мерекені есепке алғанда, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 10 демалыс күні, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін 6 демалыс күні болады.

Еске салайық, бұған дейін қыркүйекте қазақстандықтар қалай демалатыны туралы материал жазған едік. Бұл айда демалыс мына күндерге сәйкес келеді: 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қыркүйек.

Жаңалықтар | Новости