Воскресенье, 28 апреля, 2024

Басқада

Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіздемократиялықмемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асылқазына, халықбайлығы. Халқымыз теңгені бұрында пайдаланған. Ертезамандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Ұлттықвалютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастапенгізілді.15 қарашада теңге айналымға енді. Содан бері бұл дата Қазақстанның ұлттық валютасының ресми күні және елдің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.Қазақ теңгесі Англияда басылды.Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақхалқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16-ға жұық құпияқорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменовболды.

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру.Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.Ұлттық ақшаның тарихы әрдайым елдің қалыптасуы мен дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан үшін, сондай-ақ посткеңестік елдердің көпшілігі үшін өзінің ұлттық валютасын енгізу егемендікті қалыптастыруда үлкен рөл атқарып, бұл республиканың өз экономикалық саясатын өздігінен құруға кірісуіне мүмкіндік берді.

Маженов Берик Рысканович   —

 Алматы облысы бойынша қызынашылық

департаментінің басшы орынбасары

Жаңалықтар | Новости