Еске сала кетейік, біздің спортшылар Көшпенділер ойындардың жалпыкомандалық есебінде жеңімпаз атанып, 74 медаль иеленді. Оның 32-сі — алтын.
Бұл ЖЕТІСТІК — спортшыларымыздың мықты мінезінің, асқақ рухының, еңбекқорлығының, табандылығы мен жеңіске деген жігерінің айқын дәлелі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — мәдени мұраны сақтауға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Ұлы дала өркениетінің мұрагері саналатын Қазақстан бұл жарыстарды одан әрі дамытуға және кеңінен дәріптеуге мүдделі.
Сонымен бірге ата-бабалар мұрасын жас ұрпаққа тек ұлттық спорт түрлері арқылы ғана емес, құрмет, мәдениеттілік, ішкі парасат пен өз дәстүріне деген жауапты көзқарас арқылы да жеткізу аса маңызды.

