Бекмусаев Жанбатыр — аударыспақтан бас жаттықтырушы.
Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мемлекет басшысына әлемдік аренада ел намысын қорғаған және жалпы есепте бірінші орын алған спортшыларды қолдап марапаттағаны үшін үлкен ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол қазақстандық спортшылардың болашақта жоғары жетістіктеріне жететініне сенім білдіріп, Мемлекет басшысы белгілеген ұстамдылық пен әдептілік қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.

