Заң және тәртіп – қоғамдағы тыныштықтың, қауіпсіздіктің және тұрақтылықтың негізі. Әрбір азамат Қазақстан Республикасының заңдарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет.
Заңға бағыну – өзіңді ғана емес, айналаңдағы адамдарды да құрметтеу. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, бөтен адамның құқығына қол сұқпау, құқық бұзушылықтан аулақ болу және жауапкершілік таныту – әр азаматтың міндеті.
Мектеп оқушылары үшін заң мен тәртіпті сақтау – сабаққа жауапкершілікпен қатысу, мектеп ережесін орындау, ұстаздар мен сыныптастарды құрметтеу, буллингке, зорлық-зомбылыққа және зиянды әрекеттерге жол бермеу.
Заңды құрметтеу – жарқын әрі қауіпсіз болашақтың кепілі!
#ЗаңЖәнеТәртіп #ҚауіпсізҚоғам #ҚұқықтықСауаттылық #Тәртіп #АдалАзамат

