Қаржы вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті


2026 жылғы 14 қыркүйекте Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Ерікұлы Биржановтың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу мемлекеттік органдар мен өңір тұрғындары арасында тікелей әрі ашық диалог орнатуға арналған алаңға айналды. Оған облыс тұрғындары, салық төлеушілер, кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдері, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Болатұлы Есболатов халықпен кері байланыстың және азаматтар мен бизнестің мүдделеріне тікелей қатысты мәселелерді бірлесіп талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Қаржы вице-министрі Ержан Ерікұлы Биржанов салық және қаржы салаларындағы негізгі өзгерістер туралы кеңейтілген баяндама жасады.
Басты тақырыптардың бірі 2026 жылы күшіне енген жаңа Салық кодексі болды. Баяндамада атап өтілгендей, салық реформасы негізінен фискалдық модельден салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне біртіндеп көшуді көздейді. Негізгі басымдық салық рәсімдерін жеңілдетуге, цифрлық сервистерді дамытуға, бақылаудың тәуекелге бағдарланған әдістерін қолдануға және адал бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.
Негізгі өзгерістер қатарында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер санының 20%-ға қысқартылуы, салықтық есептіліктің 30%-ға азайтылуы, арнаулы салық режимдері мен салық берешегін өндіріп алу тәртібін оңтайландыру, сондай-ақ инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған шаралар атап өтілді.
Өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Алматы облысында 248 583 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жыл басынан бері олардың саны 78 213-ке артқан.
Вице-министр сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық трансформациясы туралы айтып берді. Қазіргі уақытта салықтық және кедендік әкімшілендірудің жаңа архитектурасын қалыптастыратын ИСНА, KEDEN, Smart Data Finance және ЭСФ сияқты ақпараттық жүйелер енгізіліп, дамытылуда. Заманауи цифрлық шешімдерге көшу құжаттар мен төлемдерді өңдеуге кететін уақытты қысқартуға және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың проактивті сервистік моделіне біртіндеп көшуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жүргізіліп жатқан реформаның маңызды қағидаттарының бірі бизнес-қоғамдастықпен және халықпен тұрақты диалог орнату болып қала береді. Қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер органдары кері байланыс алу және әкімшілендіру рәсімдерін одан әрі жетілдіру мақсатында жұмыс топтарын, қоғамдық талқылауларды және басқа да пікір алмасу алаңдарын пайдаланады.
Баяндамадан кейін кездесу «сұрақ — жауап» форматындағы ашық диалогпен жалғасты. Облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері вице-министрге тікелей жүгініп, орын алып отырған мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын білдіре алды.
Қатысушылар көтерген мәселелер мемлекеттік кірістер органдары қызметінің әртүрлі бағыттарын — салық салу және кеден салаларын қамтыды. Қатысушылардың сауалдарына толық жауаптар мен тиісті түсіндірмелер берілді.
Бұл ретте кездесу залдағы талқылаумен ғана шектелген жоқ. Келіп түскен барлық ұсыныстар мен проблемалық мәселелер одан әрі егжей-тегжейлі пысықтау үшін жинақталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Вице-министр халық тарапынан көтерілген мәселелерді шешу жөнінде нақты міндеттер айқындады. Жекелеген бағыттар бойынша жауапты бөлімшелер мен мүдделі тараптардың қатысуымен қосымша жұмыс кездесулері мен кеңестер ұйымдастыру тапсырылды. Бұл әрбір көтерілген мәселені, оның ішінде салық және кеден салаларындағы мәселелерді нақты қарастырып, оларды шешудің ықтимал жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Осылайша, тұрғындардың ұсыныстары өткен талқылау аясында ғана қалып қойған жоқ. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша одан әрі атқарылатын қадамдар мен жауапты жұмыс бағыттары айқындалды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke