ДРОППЕРЛІК, ЛУДОМАНИЯ ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАСТАРҒА ЗАМАНАУИ ҚАУІПТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Дроппер болудан қалай сақтануға болады? Бәс тігу мен лутбокстардың қаупі неде? Цифрлық кеңістікте жеке деректерді қалай қорғау керек? Бұл мәселелер Іле ауданында өткен «Менің таңдауым – заң және қаржылық қауіпсіздік» форумының панельдік сессиясында талқыланды.

Алматы облысы Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Әлібек Керім дропперлік мәселесін көтерді.

Оның баяндамасы жастардың өздерін және банк карталарын қорғау тақырыбына арналды.
PhD, «Мәңгілік» құмарлықтың алдын алу мен емдеуді дамыту қоғамдық қорының басшысы Айдос Ибрагим бәс тігу мен лутбокстарға байланысты тәуекелдерге тоқталды.

Жасөспірімдердің қаржылық және цифрлық қауіпсіздігі тақырыбын психолог Наталья Кравцова жалғастырды. Ал CyberX ЖШС директоры Батыржан Шакманов кибертұрақтылық мәселесін көтерді.

Панельдік сессияда жастардың денсаулығына қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығының психолог-практигі Мөлдір Әміртай вейпинг пен электронды темекі бұйымдары тақырыбында сөз сөйледі.

Сарапшылар көтерген тақырыптардың барлығы жастардың күнделікті өмірде кездесуі мүмкін қауіптермен тікелей байланысты болды.

Панельдік сессияның негізгі бағыты – қауіптің салдарымен күресуден бұрын оның алдын алу, жастардың құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру.

Форум жастарға түрлі сала мамандарынан қажетті ақпарат алып, қазіргі цифрлық ортадағы қауіп-қатерлер туралы білімін толықтыруға мүмкіндік берді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke