«Қызғылт қазан»: денсаулыққа қамқорлық алдын алудан басталады

Сүт безі обыры туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, ауруды ерте анықтаудың және онкологиялық аурулардың алдын алудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған халықаралық «Қызғылт қазан» ақпараттық науқаны аясында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Ашық есік күні өтті.

Іс-шара тұрғындардың денсаулықты сақтауға деген жауапкершілігін арттыру, аурудың алғашқы белгілері туралы ақпарат беру және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында онколог-маммолог дәрігер Наймасов Асхат Рашидович танымдық дәріс оқып, сүт безі обырының даму қауіп факторлары, негізгі дабыл белгілері және ауруды ерте анықтаудың заманауи мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ маман скринингтік тексерулерден уақытылы өтудің және дәрігерге тұрақты қаралудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Маманның айтуынша, онкологиялық ауруды ерте анықтау сәтті емделу мүмкіндігін едәуір арттырады.

🎀 Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Уақытылы тексерілу – аурудың алдын алудың маңызды қадамы.

#ҚызғылтҚазан #СүтБезіОбырынАлдынАлу #ЕртеДиагностика #Денсаулық #Қонаев

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke