Медицина кадрларының кәсіби дамуы, заманауи технологияларды игеру және халықаралық тәжірибе алмасу — халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бағыттары.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының уролог дәрігері Айдар Жанбатырұлы Сабаев Орталық Азияның бес еліне арналған қашықтан басқарылатын роботтандырылған хирургия бойынша халықаралық оқу курсына қатысуда. Оқу бағдарламасы Қытай Халық Республикасының Чэнду қаласында, Сычуань университетінің Батыс Қытай ауруханасы базасында өтуде. Бұл – Қытайдағы клиникалық медицина, медициналық білім беру және ғылыми зерттеулерді ұштастырған ірі медициналық орталықтардың бірі.
Қазақстандық маманның халықаралық оқу бағдарламасына қатысуы – оның кәсіби біліктілігін арттыруға, хирургия саласындағы озық технологиялармен танысуға және шетелдік әріптестердің тәжірибесін меңгеруге бағытталған маңызды қадам. Мұндай бастамалар дәрігерлердің кәсіби білімін кеңейтіп қана қоймай, отандық денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруға да ықпал етеді.

