Қазақстан картоп экспортына алты айға шектеу енгізді. Бұл шара ЕАЭО елдеріне әсер етпейді, деп хабарлайды nurlyolke.kz CMN.KZ-ке сілтеме жасап.
Елдің бірнеше өңірінде картоп бағасының өсуіне байланысты үкімет шұғыл шара қабылдауға шешім қабылдады. Бүгіннен бастап Қазақстаннан картопты шетелге шығаруға тыйым салынды. Дегенмен, бұл тыйым Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортқа қолданылмайды.
Кеше өткен үкіметтік отырыста қазақстандық картоптың көрші елдерде, әсіресе Өзбекстанда, жоғары сұранысқа ие болғаны белгілі болды. Биылғы қаңтар айының өзінде картоп экспорты 1,5 есе өсті: 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін.
Сыртқы нарықтағы жоғары сұраныс ішкі нарыққа кері әсерін тигізген. Осы себепті соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілердің бағасы 170 теңгеден 270 теңгеге дейін күрт өскені тіркелген.