7 C
Алматы
Вторник, 18 марта, 2025

«Бауыржан Момышұлының ерлік жолы мен “Ұшқан ұя” шығармасы: тарихи мұра және патриоттық тәрбие»

2025 жылы 5 наурызда «Мәдениенттану» мамандығының 1-курс докторанты Жұбанышов А.Ш. мен PhD, аға оқытушы Каупенбаева С.М.-ның ұйымдастыруымен «БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЖӘНЕ «ҰШҚАН ҰЯ»: ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК ЖОЛЫ» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» бағытына сәйкес, сонымен қатар Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Б.Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қазақ халқының даңқты перзенті, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлігін талқылау, оның шығармашылығы арқылы ұлттық рух пен елдік сана қалыптастыру. Сондай-ақ, «Ұшқан ұя» шығармасының тарихи және мәдени маңызын зерттеп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды.

Іс-шара барысында Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасы мен ерлік жолы туралы маңызды мәліметтер талқыланып, қатысушылар Ұлы Жеңіс пен Отан үшін күрескен батырдың өмірі мен қызметіне ерекше назар аударды. Мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттері де белсене қатысып, Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын талқылауға өз үлестерін қосты. Олар батырдың өмірі мен шығармашылығын, кітаптағы ұлттық құндылықтарды жан жақты талдады.

farabi.university

Жұбанышов А.Ш. «Мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты
Каупенбаева С.М. PhD, аға оқытушы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke