20 C
Алматы
Воскресенье, 3 августа, 2025

Полиция «Жас сақшыларға» қаруды шашып-жинау тәсілдерін көрсетті

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патриоттық тәрбие беру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында "Жас сақшы" ұйымының оқушыларымен тәжірибелік кездесу өткізді. 
Іс-шара барысында жасөспірімдерге атыс қаруының түрлері таныстырылып, оны шашып-жинау тәсілдері көрсетілді. Жаттығу сабағын қарулану бөлмесінің меңгерушісі Нұрмағанбет Муғражов жүргізді. Сабақ барысында қарудың құрылымы мен қауіпсіздік техникасы туралы толық мағлұмат берілді.
Өз кезегінде оқушылар тәжірибе алмасып, қаруды шашып-жинап көрді. Іс-шара жасөспірімдердің әскери-қолданбалы машықтарын жетілдіруге бағытталған. 
Полиция бөлімінің қызметкерлері мұндай сабақтар жастардың бойында тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыратынын атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke