13 C
Алматы
Пятница, 30 мая, 2025

Профилактика: полиция «Қауіпсіз маршрут» дәрісін өткізді

Халықаралық балаларды қорғау күні мен оқушылардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Арыс ауданының полицейлері «Қауіпсіз маршрут» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Мақсат — оқушылардың жолда жүру мәдениетін арттыру.

Шара барысында балаларға көрнекіліктер арқылы жол белгілері мен бағдаршамның маңызы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері балалармен бірге көшеге шығып, қауіпсіз жол өткелінен өту тәртібін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Бұл шара оқушылардың жолда қауіпсіз жүріп-тұруына, өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне септігін тигізеді.

Өз кезегінде ата-аналар мен ұстаздар тәртіп сақшыларының тындырымды әрекеттеріне оң пікірлерін айтып, мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылуын қолдайтынын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke