15 C
Алматы
Вторник, 16 сентября, 2025

Нұрақын Бексұлтан Серікұлы, Өңірлік IT-хаб “Alatau Hub” директоры:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауында ел дамуындағы жаңа стратегиялық векторды айқындады. Құжатта жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу, цифрлық трансформация үдерістерін жеделдету және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған басымдықтар нақты белгіленген.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект мәселесіне айрықша назар аударып отыр. Президенттің тезистері жасанды интеллект еліміз үшін тек заманауи технологиялық құрал ғана емес, сонымен қатар тұрақты экономикалық өсудің, әлеуметтік жаңғырудың және мемлекеттік басқару сапасын арттырудың негізгі тетігі екенін айқын көрсетті.

Қазақстан үшін де жасанды интеллект жаңа дәуірдің қозғаушы күшіне айналып отыр. Оны тиімді пайдалану еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және азаматтардың өмір сапасының жақсаруына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айта кету керек, бұл бағыттағы алғашқы нақты қадамдар жасалып та жатыр. 2024 жылғы 15 мамырда Қонаев қаласында Президенттің тапсырмасымен және Үкімет пен Astana Hub-тың қолдауымен Alatau Hub өңірлік технопаркі ресми түрде ашылды. Қысқа уақыт ішінде ол IT-мамандар мен стартаптар үшін тартымды орталыққа айналып, Алматы облысында толыққанды технологиялық экожүйе қалыптастырудың негізгі алаңына айналды. Мұнда инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға, жастар бастамаларын қолдауға және цифрлық экономиканың жаңа кадрларын даярлауға қажетті жағдай жасалуда.

Бүгінде Alatau Hub тек стартап алаңы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік аппаратты жасанды интеллект дәуіріне бейімдеуде жүйе құрушы рөл атқарып отыр. Әкімдік пен басқармалардан 500-ден астам қызметкер генеративті жасанды интеллектке негізделген заманауи цифрлық құралдарды қолдануды үйренді. Осы негізде өңірде Qonaev AI пилоттық жобасы іске қосылып, ол мемлекеттік органдар деректерін біріктіру арқылы талдаудың сапасын арттырып, басқарушылық шешім қабылдау жылдамдығын жоғарылатуға мүмкіндік беруде. Ең бастысы, барлық дерек Alatau Hub-тың жергілікті серверлерінде өңделіп, ақпараттың сенімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Хабтың қызметі тек мемлекеттік секторды қамтып отырған жоқ. Мұнда жастарға арналған білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, робототехника, веб-әзірлеу және дизайн бағытында клубтар ашылуда. Сонымен қатар, халықаралық кездесулер мен конференциялар ұйымдастырылып, әлемнің алдыңғы қатарлы IT-компанияларымен серіктестік байланыстар орнатылуда. Alatau Hub біртіндеп өңірлік қана емес, ұлттық деңгейдегі инновациялық дамудың маңызды орталығына айналып келеді.

Облыс аудандарында да ауқымды жобалар қолға алынған. «Digital Keruen» бағдарламасы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталса, Astana Hub-тың Tech Orda және Tomorrow School жобалары жастар мен ересектерге IT-кәсіптерді игеруге және жасанды интеллектті меңгеруге жол ашып келеді. Бұл өз кезегінде цифрлық экономиканың сұраныстарына сай жаңа мамандарды даярлауға берік негіз қалайды.

Бүгінде өңір жасанды интеллектіні жүйелі енгізу экономиканы ғана емес, адамдардың күнделікті өмірін де өзгерте алатынын дәлелдеп отыр.

Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Жасанды интеллект XXI ғасырдың ұлттық ресурсына айналып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етуде. Бұл бағыттағы қадамдар қаншалықты жүйелі әрі дәйекті болса, еліміз стратегиялық мақсаттарына соншалықты сенімді түрде жете алады.

Нуракын Бексултан Серикович, директор регионального IT-хаба «Alatau Hub»:

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в своем Послании «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию» обозначил новый стратегический вектор развития страны. В документе четко определены приоритеты по широкому внедрению технологий искусственного интеллекта, ускорению процессов цифровой трансформации и повышению эффективности государственного управления.

Особое внимание Глава государства уделил именно искусственному интеллекту. Подчеркнув значимость этой темы, Президент дал понять, что искусственный интеллект для нашей страны — это не только современный технологический инструмент, но и ключевой ресурс устойчивого экономического роста, социальных преобразований и повышения качества государственного управления.

Для Казахстана искусственный интеллект становится двигателем новой эпохи. Его грамотное применение способно не только повысить глобальную конкурентоспособность страны, но и открыть новые возможности, придав импульс развитию национальной экономики и улучшению качества жизни граждан.

Важно отметить, что первые шаги в этом направлении уже сделаны. Так, 15 мая 2024 года был официально открыт региональный технопарк Alatau Hub, созданный по поручению Президента и при поддержке Правительства и Astana Hub. За короткий срок он превратился в центр притяжения для IT-специалистов и стартапов, став ключевой платформой для формирования полноценной технологической экосистемы Алматинской области. Здесь создаются условия для роста инновационного предпринимательства, поддержки молодежных инициатив и подготовки кадров для цифровой экономики.

Сегодня Alatau Hub выполняет не только функцию стартап-площадки, но и играет системообразующую роль в подготовке государственного аппарата к эпохе искусственного интеллекта. Более пятисот сотрудников акиматов и управлений уже прошли обучение по использованию современных цифровых инструментов, включая решения на базе генеративного искусственного интеллекта. На этой основе в регионе был запущен пилотный проект Qonaev AI, который интегрирует данные органов власти и позволяет повысить качество анализа и скорость принятия управленческих решений. Вся обработка информации ведется на локальных серверах Alatau Hub, что гарантирует надежность и высокий уровень защиты данных.

При этом деятельность хаба охватывает не только государственный сектор. Здесь активно реализуются молодежные образовательные программы, открываются клубы по робототехнике, дизайну и веб-разработке, проводятся международные встречи и конференции, налаживаются связи с ведущими мировыми IT-компаниями. Alatau Hub постепенно становится важнейшим центром инновационного развития региона и всей страны.

Не менее значимыми являются инициативы в районах области. Программа «Digital Keruen» способствует повышению цифровой грамотности населения, а программы Astana Hub Tech Orda и Tomorrow School открывают доступ к IT-профессиям и обучению искусственному интеллекту для молодежи и взрослых. Это формирует устойчивую базу для подготовки новых специалистов, востребованных в условиях цифровой экономики.

Сегодня регион демонстрирует, что системное внедрение искусственного интеллекта способно трансформировать экономику и улучшать повседневную жизнь людей.

Казахстан вступает в новый этап своего развития. Искусственный интеллект становится национальным ресурсом XXI века, обеспечивающим рост конкурентоспособности и укрепление позиций страны на глобальной арене. Чем последовательнее и системнее будут шаги в этом направлении, тем увереннее Казахстан будет двигаться к достижению своих стратегических целей.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke