-1.1 C
Алматы
Среда, 28 января, 2026

Мемлекеттің біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы өзгеріссіз қалады

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның төртінші отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік біртұтастығы, аумақтық тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалатыны расталды.

Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін түзетулердің жиынтық жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.

Негізгі қағидаттар қайта қаралмайды

Оның айтуынша, Конституцияға ұсынылып отырған кең ауқымды өзгерістерге қарамастан, мемлекеттің іргетасын құрайтын басты нормалар сол күйінде сақталады.

Арнайы құқықтық режимдер – Конституция шеңберінде

Сонымен қатар, Конституция жобасында кейбір аумақтар үшін қаржы-экономикалық салада арнайы құқықтық режимдер енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл, атап айтқанда, халықаралық қаржы орталықтары мен жедел даму қалаларын дамытуға бағытталған.

Алайда бұл тетіктер елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына әсер етпейді және тек конституциялық заңдар негізінде жүзеге асырылады.

Қоғамға берілген нақты кепілдік

Аталған норманың өзгеріссіз қалуы – қоғамға берілген маңызды кепілдік. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігі, шекарасының мызғымастығы және мемлекеттік тұрақтылық қағидаттарына берік екенін тағы бір мәрте айқындайды.

Конституциялық комиссия Ата заңды жаңғырту бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Ұсынылып отырған түзетулер Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтиды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke