Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан еліміздің өркендеуі жолында Түркістан облысы полиция Департаменті Мақтаарал аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция капитаны Аброр Махамадов та абыройлы қызмет атқаруда.
Полиция капитаны Аброр Акбарұлы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тумасы. 2017-2021 ж.ж. аралығында Қостанай қаласындағы Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын бітіріп, 2021 жыл мен 2023 жылдар аралығында Шымкент қаласы полиция Департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарған. 2023 жылдан бастап Мақтаарал ауданы полиция бөлімінде анықтаушы ,тергеуші лауазымында, қызмет атқарып, қазіргі таңда өз еңбек жолын аға тергеуші лауазымымен жалғастыруда.
Тергеуші жұмысы тікелей халықпен жұмыс жасауды қажет етеді десек, осынау жауапты жұмысты атқаруда полицей үшін оңай емес. Әйтсе де бала күнгі арманына жеткен тәртіп сақшысының мемлекеттік тілге деген құрметі де ерекше. Осы бағытта атқарылған қоғамдық іс-шаралардан тысқары қалмауға тырысатын тәртіп сақшысы Ішкі істер министрлігінің бірқатар Алғыс хаттарымен де марапатталған. Бұл ретте полицейдің өз қызметіне адалдығы мен табандылығын байқауға болады.
«Жұмысымыз халықпен тығыз байланысты болғандықтан, орын алған оқиғаның жай-жапсарына үңіліп, ақ-қарасын анықтау үшін азаматтарды тыңдап, заңдық тұрғыда мейлінше көмек көрсету біздің негізгі міндеттеріміздің қатарында. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметті атқару мен үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан да қызметімді алғашқы орынға қоямын. Өзінің өмірлік ұстанымын қызметімен байланыстырған тәртіп сақшысы елімнің алдында берген антыма адал қызмет етіп, әр құқықтық көмек қажет еткен азаматтарға заң аясында тиісті құқықтық көмек көрсетсем және халықтың алғысын алсам, менің қызметке адалдығым осы деп білемін»,- дейді полиция капитаны Аброр Махамадов.
Сонымен қатар Аброр өзінің қатарластарына : қазақ тілін меңгергісі келіп жүрген деген сөздің мағынасын қате деп санаймын, еліміздің туының астында өмір сүріп жүрген әр Қазақстан азаматы қазақ тілін, салтын дәстүрін біле отырып, өзіне ұстаным етуі керек деп есептеймін деп пікірін білдірді.
Қызметте білікті полицей Аброр Акбарұлы отбасында адал жар, мейрімді әке . Демалыс кездерінде бос уақытын балаларына арнап, қос ұлын еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуде. Сонымен бірге тәртіп сақшысы татулықтың белгісі болған байтақ өлкеде туып өскенін қашанда мақтанышпен айтады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

