Қонаевта веломәдениетке баулу мақсатында ерекше форматта-велошеру өтті.

1-мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қонаев қаласында татулық пен достықтың, бірлік пен ынтымақтастықтың символына арналған мереке аясында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қала тұрғындарын веломәдениетке баулу мақсатында ерекше форматта-велошеру өтті.

Велошеру-тек спорттық шара емес, бұл-бірлік пен қозғалыстың , болашаққа деген сенімнің белгісі екенін айта отырып Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусінұлы сөз сөйледі. Әкім өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тілеп, басты мақсат жеңу емес қатысу екенін де атап өтті.«Спорт – денсаулық кепілі, ерік-жігердің шыңдалуы және ұлттың болашағы үшін маңызды сала. Бүгін біз велошеруге қатысу арқылы спортқа деген сүйіспеншілігімізді, ортақ мүдделерімізді және бірлігімізді көрсетеміз. Жарыстағы әр қадам біздің денсаулығымызды нығайтуға, қала экологиясын жақсартуға және болашақ ұрпаққа үлгі көрсетуге қосқан үлесіміз. Баршаңызға денсаулық, күш-қуат тілеймін! Велошеру сәтті өтіп, спорттық рухтарыңыз асқақтай берсін!» – деді Марат Елеусізұлы.

Бұл жолы велошеруде ерлер мен әйелдер 4 жас санатында бақ сынады.  8 шақырым жүрген жарыс қатысушыларына полиция қызметінің көлігі жол бастап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырды. Жарыс соңында мәре сызығын бірінші болып кесіп өткендерге 150 мың теңге, екінші орын алғандарға 100 мың және үздік үштікті түйіндегендерге 50 мың теңге ақшалай сыйылық табысталды. Жүргізуші жарыс басталмай тұрып қатысушылардың назарына қауіпсіздік ережелерін атап ескертті. Ескертулер қауіпсіздік ережелерін сақтау, қатардан шықпау, алдыңғы калоннаға жақындамау және белгіленген маршруттан ауытқымау екені қатаң ескертіліп, қатысушылардың қауіпсіздігі-ұйымдастырушылардың басты міндеті екені де айтылды. Қатысушылар стартнүктесіне бес қатардан топтасып, велошеру басталды. 

 Жарыс аяқтала салысымен марапаттау рәсімінде Ең жас қатысушы номинациясымен 6 жастағы Ахметжан Тамерлан есімді ер бала, 8 жастағы Болатқызы Амина марапатталды.

Ең жасы үлкен қатысушылар қатарында Есбосынов Бекен және Кокебаева Зейнеп марапатталды.  18 жасқа дейінгі ерлер арасында 1-орын иегері Саримбаев Дінислам, 2-орын иегері Жумалиев Дархан, 3-орын иегері Муслимұлы Дархан, 18-35 жас аралығында ерлер арасында 1-орын иегері Ерланұлы Ерасыл, 2-орын иегері Орехов Тимур, 3-орын иегері Арынтай Ақылтай, 35-50 жас аралығында  ерлер арасында 1-орын иегері Куманбаев Данияр, 2-орын иегері Дембицкий Максим, 3-орын иегері Сапов Андрей, 50 жастан жоғары ерлер арасында 1-орын иегері Пальченов Владимир, 2-орын иегері Семиненко Павел, 3-орын иегері Чагай Николай иеленсе, 18 жасқа дейінгі әйелдер арасында 1-орын иегері Гляденбрант Эвелина, 2-орын иегері Рибинина Милана, 3-орын иегері Кененбаева София, 18-35 жас аралығында әйелдер арасында 1-орын иегері Юркова Александра, 2-орын иегері Комиева Жанель, 3-орын иегері Чуприна Елена,  35-50 жас аралығында әйелдер арасында 1-орын иегері Бабульямова Ангелина, 2-орын иегері Гасева Кристина, 3-орын иегері Төлеуқұл Алтынай, 50 жастан жоғары әйелер арасында 1-орын иегері Михаилова Оля, 2-орын иегері Көкебаева Зейнеп, 3-орын иеленген Арыстанбаева Назигүл марапатталды. Шара соңында Қонаев қаласының тұрғыны Зейнеп Сұлтанқазықызы өз сөзінде барша халықты мерекемен құттықтап, елімізге амандық тіледі. «Бүгінгі өткізіліп отырған велошеру жоғары дәрежеде өтті, бұл Қонаев қаласында ұйымдастырылып жатқан бірінші велошеру. Бұндай ауқымды шаралар ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз, осындай жарыстар жастарға да тұрғындарға да үлкен стимул береді. Жеңімпаз атану өте керемет сезім силады. Жанымдағы таныстарым, туыстарым тіпті әріптестерім де өте керемет өткенін айтуда.»деді. 70 жастағы зейнеткер әрі велошерудегі ең үлкен қатысушы Бекен Есбосынов ағамыз«Бүгінгі күн велоспортпен ерекшеленген күн, қатысу мүмкіндігі болғаны үлкен қуаныш силады. Жасын да кәрісін де спортқа баулып, салауатты өмір салтын дәріптеуді өзім де қолдаймын. Ерекше алғысым ұйымдастырушыларға. Велошеруге қатысу мен үшін ешқандай қиындық тудырмады, себебі, жас кезімнен бастап спортты серік еткендердің бірімін, велосипедті де жиі айдайтынмын, Егер мүмкіндік болса алдағы уақытта да қатысамын» деді. Қонаев қаласы әкімінің апарат басшысы Рахман Қуанышұлы өз сөзінде «Қонаев қаласында  Қазақстан  халқы бірлігі күні қарсаңында, қала тұрғындары мен қонақтары арасында велошеру жарысы өтті. Жарысымызға 150-ден астам 6 жас пен 70 жас аралығындағы қатысушылар. Велошеру жеңімпаздары бағалы силықтармен қатар естелік медельдарімен марапатталды. Велошеруді өткізудегі мақсатымыз: қаламызда бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында  салауатты өмір салтын насихаттау, Қонаев қаласын велосипедті қала қылу. Қала әкімі Асхат Бердіхановтың арнайы тапсырмасымен бастау алды. Себебі, Қонаев қаласы туристік қала, әрбір келген қонақтар  автокөліктермен емес көбінше осы велосипедті қолданса қаламыздың экологиясына да пайдасын тигізеді және де  денсаулыққа да оң пайдасын тигізер еді» деді.

Бұл шара тек спорттық қозғалыс қана емес, жүректерді біріктіріп,  достықты нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылдырылған, бір бағытты жүру арқылы, бір мақсатты көздеп,  әр айналған дөңгелек алға ұмтылысты көрсеткен, әрбір қатысушы бірліктің жаршысы екенін дәлелдеген игі бастамалардың бірі болғаны сөзсіз.

Шолпан Аралқызы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke