Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 30 қыркүйек — 04 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Алматы облысына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу болып табылады.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 1000-нан астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – “Нұр-Мұбарак” Египет ислам мәдениеті университеті оқытушысы, PhD доктор, Сабырұлы Әбілхайыр — Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы, теолог, Тұрсынғали Төреғалиұлы – Дінтанушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі, Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы — Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары, психолог дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Қарасай ауданы, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында болды. Олар жастар арасында «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі», «Дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығы», «Жат ағым ұлтқа қауіп», «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері», «Жастар тәрбиесіндегі дін мен дәстүрдің рөлі» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында NEET жастар, мектеп оқушылары, колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.
Анықтама үшін: +7 707 723 78 48 Муратбаев Әлібек