Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алумемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінқамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Сатып алу арқылы мемлекеттік функцияларды іске асыруға, бюджеттік бағдарламаларды орындауға және қоғамдыққажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер алынады. Мемлекеттік органдар үшін сатып алу жүйесі олардыңкүнделікті қызметін уақытылы әрі сапалы қамтамасызетудің маңызды құралы болып саналады.
Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендірудепартаменті уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіретінде өз қызметінде мемлекеттік сатып алуды тиімдіұйымдастыру, заңнама талаптарын сақтау және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше назараударады. Бұл жұмыс жоғары жауапкершілікті, рәсімдердіңәр кезеңін мұқият қарауды және шарттық міндеттемелердіңорындалуын тұрақты бақылауды талап етеді.
Аталған саланың құқықтық негіздері 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен реттеледі. Заңның 3-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу заңдылық, әділдік, ашықтық, жариялылық, адал бәсекелестік жәнебюджет қаражатын тиімді пайдалану қағидаттарынанегізделеді.
Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алумемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондықформатта жүзеге асырылады. Бұл барлық әлеуетті өнімберушілер үшін рәсімдердің қолжетімділігін қамтамасызетіп, әкімшілік кедергілерді азайтады және сыбайласжемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Сондай-ақ бұл сатыпалу қызметінің ашықтығын және бизнестің мемлекеттіксатып алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алу жүйесінің негізгі міндеттерініңбірі — кәсіпкерлік үшін тең мүмкіндіктер жасау. Заңның 13-бабына сәйкес, әлеуетті өнім берушілер белгіленгенбіліктілік талаптарын сақтаған жағдайда сатып алуғақатысуға құқылы. Бұл бәсекелестікті дамытуға, отандықтауар өндірушілерді қолдауға және экономикалықбелсенділікті кеңейтуге ықпал етеді.
Заңда міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардыңжауапкершілігі де көзделген. Өнім берушілер жасалғаншарттардың талаптарын тиісінше орындауға міндетті, ал тапсырыс берушілер сатып алуды жоспарлау, өткізу жәненәтижелерін қабылдау кезінде заңнама талаптарын сақтауытиіс. Сонымен қатар, бюджетті атқару және міндеттемелердіорындау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржыминистрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №272 бұйрығыменбекітілген Бюджетті атқару және оған кассалық қызметкөрсету қағидаларымен реттеледі.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жүйесі одан әріжетілдірілуде: бақылаудың цифрлық құралдары енгізілуде, рәсімдердің мерзімдері қысқартылуда, процестердіавтоматтандыру деңгейі арттырылуда.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу мемлекеттікқаржыны тиімді басқарудың, бизнесті қолдаудың жәнебюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасызетудің аса маңызды құралы болып табылады, ал жергіліктіжерлердегі мемлекеттік органдардың кәсіби жұмысы осы міндеттердің табысты іске асырылуына ықпал етеді.
Ж.Н.Инкербаев,
Активтердібасқару бөлімінің бас маманы

