Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылындағы ауызсу мәселесінің айналасындағы дау-дамай соңғы бір аптаның көлемінде «Рауан» ЖШС қызметкерлерінің Мемлекет басшысынан көмек сұраған үндеуіне ұласқан еді. Аудан әкімі 28 мамырда «біз ешқандай қысым жасап жатқан жоқпыз» деп брифинг өткізгенмен, оған ауыл тұрғындары ғана емес, кәсіпорын қызметкерлері да сене қоймаған секілді.

«Біз бүгін Алматыға сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз. Ондағы басты мақсатымыз – мемлекеттік бюджетке жыл сайын жарты миллиард теңге салық төлеп, 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған біздің кәсіпорынның қызметіне қатысты жағдайды өздеріңізге жеткізу. Өйткені 16 миыңнан астам тұрғыны бар ауылдағы ауызсу мәселесін шешуге жауапты жергілікті билік органдары 8 айдан бері кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеуде. Оның дәлелі соңғы 6 айда біздің қызметімізге қатысты құзырлы органдарға 575 арыз-шағым түсуі. ның мемлекеттік орган бірден бір облыс пен аудан әкімдігі жалғыздың жолдануы. Сыныққа сылтай іздеген жергілік атқару органдары оны желеу етіп, сансыз тексеру жүрізіп ғана қоймай компания басшылығы 1,2 млрд теңге қаржы жұмсап сатып алған жаңа өндірістік жабдықтарды іске қосуға қажетті электр жүйесін жүргізуге рұқсат бермей отыр. Соның нәтижесінде банктен 7 жылға несиеге алынған қаржыны қайтарудан бастап, біздің өндіретін өнімдерімізге алдын ала аванс төлеп қойған тапсырыс берушілердің сұранысын қамтамасыз етуге қатысты өз міндеттемелерімізді орындай алмау қаупі туып отыр», – дейді «Рауан» ЖШС бас директорының орынбасары Гүлім Смайлова.
Компания заңгері Алия Аралбаеваның сөзіне қарағанда, жергілікті инвестордың 25 жылдық қызметін жоққа шығаруға тырысып жүрген бір топ ауыл тұрғынынын шағымын негізге алған аудан, облыс әкімдігі оларды құқықтық құжаттар жағынан қамтамасыз ету үшін өздеріне қарасты уәкілетті органдарға тапсырма берген. Тіпті облыс әкімдігі Су ресурстары және ирригация министрлігіне еш негіздеме ұсынбай біржақты түрде «Рауан» ЖШС-нің су пайдалануға берілген 25 сәуірде аяқталатын рұқсатының мерзімін созбауды сұрап хат жазуының өзі көп нәрсені аңғартатын сияқты. Соны негізге алған Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы су ресурстарын пайдалануға берілетін рұқсаттан бас тартуға негіз болатын құқықтық жағынан уәжді талап талабы болмаса да, оладың өтінішінен баст тартқан. Сол себепті қазір олар бұл уәкілетті органды сотқа беруге мәжбүр болған. Ал жер телімін пайдалануға алған рұқсатының әлі мерзімі аяқталмағанына қарамастан әкімдікке қарасты тағы бір орган Түркістан облыстық ауданаралық экономикалық сотына Дербісек ауылдық округі әкімінің шешімінің күшін жойып, оны мемлепкет меншігіне қайтару туралы талап арызы бойынша сот алғашқы шешімін де шығарып қойған. Әлі заңдық күшіне енбеген бұл шешімге байланысты енді олар аппеляциялық шағым әзірлеуде.
«Ауылды ауызсумен қамтамасыз ету үшін жұмсалған 2 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысының есебін сұраудың орнына, барлық кінәні «Рауан» ЖШС-не артқан ауыл тұрғындарының шағын тобының сойылын соғып жүрген билік органдарының бір ойлағаны бар шығар. Алайда бұл құқықтық жағынан қаншалықты заңды екенін құқық қорғау органдары анықтай жатар. Тек «айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылады» дегендей бұған бізді араластырушылар өз ісіне жауап берсе екен. Өйткені 2001 жылдан бері біз иелік етіп отырған ұңғымадан шығатын су халықтың күнделікті тұтынуына арналмаған. Бұл туралы бізде Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу институтының ресми анықтамасы да бар. Онда минералдық суды тұрақты түрде ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде қолдану оны тұтынған адамның денсаулығына кері әсер ертуі мүмкін екені айтылған», – дейді А.Аралбаева.

