Заң мен тәртіп – сәулет пен қала құрылысының негізі

Қазіргі таңда қалалардың тұрақты дамуы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда заң мен тәртіп қағидаты ерекше маңызға ие. Әсіресе сәулет және қала құрылысы саласында белгіленген талаптардың сақталуы – қауіпсіздік пен сапаның басты кепілі.

Қонаев қаласында бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс нысандарының заңдылығы, сәулеттік келбеттің сақталуы, инфрақұрылымның талаптарға сәйкестігі тұрақты бақылауда. Қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тиісті рұқсат құжаттарына сәйкес жүзеге асырылып, қала құрылысы нормалары мен ережелерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар, заңсыз құрылысқа жол бермеу, жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланудың алдын алу және қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін сақтау бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстар қаланың көркеюіне ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға да оң әсер етеді.

Заң мен тәртіпті сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Тәртіпке бағынған құрылыс – сапалы қала кепілі.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke