Спорт – тек денсаулық кепілі ғана емес, тәртіп пен жауапкершіліктің мектебі. Сондықтан спорт саласында заң мен тәртіп қағидатын сақтау ерекше маңызға ие.
Бүгінде елімізде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, спорт нысандарын пайдалану, сондай-ақ спортшылардың дайындығы белгіленген талаптар мен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Бұл – жарыстардың әділ өтуін, қатысушылардың қауіпсіздігін және жоғары нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, допингке қарсы талаптарды сақтау, спорттағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және бұқаралық спортты дамыту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Заң талаптарын бұзу спорттың беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, спортшылардың мансабына да кері әсерін тигізеді.
Заң мен тәртіпті сақтау – жаттықтырушылар мен спортшылардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Тәртіпке негізделген спорт – жарқын жеңістер мен салауатты ұлттың кепілі.

