Халыққа қызмет көрсету саласы азаматтардың өмір сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл салада заң мен тәртіп қағидатын сақтау – ашықтықтың, сапаның және халық пен қызмет көрсетуші ұйымдар арасындағы өзара сенімнің негізі.
Бүгінде халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың қызметі қолданыстағы заңнама мен белгіленген стандарттарға қатаң сәйкес жүзеге асырылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, көрсетілетін қызмет сапасына, санитарлық, техникалық және өзге де нормалардың сақталуына ерекше көңіл бөлінеді.
Заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде жауапкершілікті арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Халыққа қызмет көрсету саласында заң мен тәртіпті сақтау – азаматтарға әділ қарым-қатынастың және көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейінің артуының кепілі.

