11 C
Алматы
Среда, 2 апреля, 2025

Сабырлық пен сенім — тұрақтылықтың кепілі

Қыршынынан қиылған 16 жасар Шерзаттың ата-анасына, туыс-бауырлары мен жақындарына сабырлылық тілеп, көңіл айтамыз.
Талғарда орын алған қайғылы оқиға бізді терең ойға қалдырып, қоғамның тұрақтылығын сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Алайда, дәл осындай сәттерде сабырлық танытып, эмоцияға берілмеу қажет. Әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікте қызу пікірталастар болып жатқанына қарамастан, біз құқық қорғау органдарына сенім артып, олардың кәсіби міндеттерін орындауына мүмкіндік беруіміз керек. Олар бұл істі соңына дейін жеткізіп, кінәлілерді жауапқа тартатынына күмән жоқ.

Біздің еліміздің құқық қорғау жүйесі осындай қиын жағдайлармен күресуде мол тәжірибе жинаған. Бұл жолы да олар тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Әкімдік тарапынан да жедел әрекет жасалып, зардап шеккен отбасына қолдау көрсетілуде. Олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, уақытша баспана берілді, және үйді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Әлеуметтік желілерде манипуляциялық ақпарат таратуға тырысатындар бар екенін де жоққа шығаруға болмайды. Алайда, мемлекет пен құқық қорғау органдары бұл істі ашық түрде жүргізіп, қажетті мәліметтерді уақытылы ұсынуда. Біз халықты сабырлыққа шақырып, жағдайды одан әрі ушықтырмауға, керісінше, бірлікте әрекет етуге шақыруымыз қажет.

Біздің ең басты міндетіміз — әділеттіліктің орнауына сенім артып, елдің тұрақтылығын сақтап қалу.

Инақынова Назерке

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke