ШЕҢГЕЛДІ АУЫЛЫНДА АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ПЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шеңгелді ауылында «Әділет» партиясының сайлауалды штаб мүшелері Шеңгелді ауылы дәрігерлік амбулаториясының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыру, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігі мәселелері талқыланды.

Шеңгелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, профилактикалық тексерулерді, амбулаториялық емдеуді және ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы қызметтерді жүзеге асырады. Мұнда білікті дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері халықтың денсаулығын сақтау жолында еңбек етуде.

«Біздің мақсатымыз – медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегімен танысып, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тікелей тыңдау. Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы ең алдымен осы салада еңбек етіп жүрген мамандардың кәсібилігіне, тәжірибесіне және адалдығына байланысты. Сондықтан медицина қызметкерлерімен ашық пікір алмасу аса маңызды», – деді Данияр Қасқарауов.

Жүздесу барысында медициналық қызмет көрсету сапасын жетілдіру, дәрігерлер мен орта буын мамандарының еңбек жағдайын жақсарту, материалдық-техникалық базаны нығайту, кадр тапшылығы және жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту мәселелері көтерілді.

Амбулатория қызметкерлері халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету, кәсіби біліктілікті тұрақты арттыру, заманауи медициналық технологияларды енгізу және профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.

«Халық денсаулығын сақтау – кез келген мемлекеттің басты басымдығы. Бұл бағыттағы нәтижелі жұмыс ең алдымен медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және адал еңбегіне байланысты. Сондықтан олардың ұсыныстары мен тәжірибесін ескеру денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді», – деді Жанарбек Әшімжанов.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға қатысты пікір алмасты.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke