-2.1 C
Алматы
Среда, 22 января, 2025

TikTok АҚШ-та тыйым салынды. Қытайлық меншік иесі сатудан бастартты

АҚШ-та қауіпсіздік мәселелеріне байланысты танымал TikTok әлеуметтик желасине тыйым салу туралы заң күшіне енді. Бұған дейін қытайлық ByteDance компаниясы шектеуді болдырмау үшін платформены сатудан бастартқан еді, деп хабарлайды nurlyolke.kz bbc ге сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап TikTok желісі өз жұмысын тоқтатты, американдықтар TikTok желісін аша сала экранда:

«Кешіріңіз, TikTok қазір қолжетімсіз. АҚШ-та TikTok-қа тыйым салу туралы заң қабылданды. Өкінішке қарай, бұл сіздің әлеуметтік желині уақытша пайдалана алмайтиныңызды білдіреді. Президент Трамп өз қызметіне кіріскеннен кейін TikTok-ты қалпына келтіру бойынша жұмыс жасайтынын жеткізді. Өтінеміз, жаңалықтарды бақылап отырыңыз!

— деген хабарлама жазылған.

Қосымша сонымен қатар АҚШ-тағы Apple және Google қосымша дүкендерінен жойылды, бұл они жүктеп алуға қолжетімсіз етті. TikTok-тың АҚШ-та 170 миль

Сайланған президент Дональд Трамп, инаугурациясы 20 қаңтарда өтетін, сенбі күні NBC News-тің «Прессамен кездесу» бағдарламасының жүргізушісі Кристен Уэлкерге телефон арқылы берген сұхбатында, қызметіне кірісетін дүйсенбіден кейін TikTok-қа АҚШ-та тыйым салу қаупінен 90 күндік уақытша мерзім беруі «ықтимал» екенін айтты.

Трамп түпкілікті шешім қабылдамағанын, бірақ TikTok-тың қытайлық бас компаниясына АҚШ-тағы бөлімшесін АҚШ-тық компанияға сату керектігін жеткізіп ол үшін 90 күндік мерзімді ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты, осы уақыт ішінде мәселе бір шешімге келмесе, тыйым салу қаупіне тап болады, деп жазады «Америка дауысы».

«Менің ойымша, бұл біз қарастырып жатқан нұсқалардың бірі екені анық. 90 күнге ұзарту, ең ықтималы, жүзеге асырылады, себебі бұл орынды әрі мақсатқа сай. Біз бұл мәселені мұқият қарастыруымыз керек. Бұл өте маңызды жағдай. Егер мен мұны істеуге шешім қабылдайтын болсам, онда, мүмкін, дүйсенбі күні жариялаймын», – деді Трамп.

АҚШ-тың Жоғарғы соты бұрын АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салуға мүмкіндік беретін заңды жоюдан бас тартты.

Әлеуметтік желінің иесі, қытайлық ByteDance компаниясы, сатып алушыны іздеуден бас тартты.







Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke