2 C
Алматы
Четверг, 20 февраля, 2025

Экоблогер – мамандық пен міндет: Almaty TV-де «Шаһар шырайы» бағдарламасының жаңа шығарылымы

Almaty TV телеарнасы Жұмысшы мамандықтары жылында «Алматы – ортақ үйіміз» акциясы аясында «Шаһар шырайы» атты арнайы жобаны қолға алды.Жобаның басты мақсаты – адал еңбек етіп жүрген жұмысшылардың кәсібилігі мен еңбекқорлығын өзгелерге үлгі етіп, қоғамда еңбексүйгіштік пен кәсібилік идеясын насихаттау, сонымен қатар жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру.

Шығарылымның жаңа кейіпкері – алматылық тұрғын Меруерт Салықова.

Экоблогер өзі атап өткендей, әртүрлі салада жұмыс істейді. Қазіргі таңда Меруерт Алматы мектептерінде дәріс оқып, балаларға экологиялық сауаттылықты үйретеді. Оқушыларға дәрістің ұнайтыны сонша, қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау керек екенін жақсы біліп алған екен.

«Маған балалармен жұмыс істеген қатты ұнайды. Өйткені балаларға сіңірген еңбектің қашанда қайтарымы болады. Өз үйренгенін үйдегі ата-анасына, жақындарына үйретеді. Кезінде менің де осы салаға келуіме балам себеп болған еді, сол сияқты олардың отбасылары да экологиялық сауаттылықты меңгеріп, пайдалы әдеттерді бойына сіңіреді деген ойдамын.Мысалы, Алматы қаласында 2 миллионнан астам адам тұрады. Демек, қаншама миллиондаған тонна қоқыс шығарылып жатыр деген сөз. Сондықтан қалдықты көбейтпес үшін мен өз үйімде экостанция орнатып, қоқысты сұрыптай тастаймын.Алматы қаласы – жап-жасыл, ең көрікті қалалардың бірі. Тіпті қоқыс тастауға да қимайсың. Мен бұл қаланы сондай жақсы көремін. Сондықтан баршаңызды Алматымызды таза ұстауға шақырамын!» – дейді экоблогер Меруерт Салықова.

Айта кету керек, Almaty TV телеарнасында «Made in Almaty», «Алматы көшелері» «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сияқты бірқатар жаңа бағдарлама мен жаңалықтар айдары жарық көрді. Жуырда «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобаларын шығару жоспарда бар. 

«Шаһар шырайы» жобасының бұған дейінгі кейіпкерлері алматылық дәнекерлеуші Қадырбек Ижанов, «Тазалық» механизаторы Дастан Жақия және Алматы метрополитеніне қарасты электр депосының маманы Мәди Асаубаев болды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke