30 сәуір күні Қонаев қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік Жүгірісі – 2026» облыстық деңгейдегі жеңіл атлетикалық марафон өтті! Аталған марафонға Алматы облысы бойынша 400-ге жуық адам қатысты.Қатысушылардың ең кішісі 12 жаста болса ең үлкені 62 жаста. Марафон ерлер мен әйелдерді жас ерекшеліктеріне қарай 4 санатқа бөлді. Марафон басталмас бұрын «Бұл — жай ғана жүгіріс емес, бұл — бірлік, қозғалыс және ортақ жеңіске ұмтылыс!» екені сонымен қатар жарыс ережесі ескертілді. Келесі ережелерді бұзған қатысушылар үшін дисквалификация қарастырылды: Старттық нөмір кеудеге тағылмаған жағдайда; Нөмірсіз немесе нөмірі көрінбейтін түрде қатысу; Старттық нөмірді басқа адамға беру немесе өзгенің нөмірімен жүгіру; Жарыс барысында басқақатысушыларға кедергі жасау; Белгіленген қашықтықты қысқарту; Төрешінің белгісіне дейін ерте бастау; Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе төрешілер нұсқауын орындамау; Құлаққаптардықолдану; Жүгіру бағыты бойында тазалықты сақтамау. Жарысқа қатысушыларды тіркеу 07:00 – 08:30аралығында, салтанатты ашылу рәсімі: 08:30, дене қыздыру жаттығулары: 08:45 – 09:00, жарыс басталуы: 09:00. Сөре — Сейфулин және Речников көшелерінің қиылысынан басталып, мәре — Қонаев пен Жамбыл көшелерінің қиылысында аяқталды.

Қатысушылар 5 шақырымға жүгіріп, бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттады.Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады!Марафонға жол қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп бойынша 50 адам, медициналық көмек қажет болған жағдайда 1 жедел-жәрдем көлігі жұмылдырылды. Медицина өкілінің айтуынша жарыс барысында медециналық көмекке жүгінгендер болмады. Қатысушылар стартнүктесіне топтасып, марафон басталды.
Жарыс аяқтала салысымен марапаттау рәсімінде 18-35 жас әйелдер арасында: 1-орын Михайлёва Анастасия, 2-орын Ольхова Анастасия, 3-орын Тибоворова Н., 35 жастан жоғары әйелдер арасында: 1-орын Ержанова Мөлдір, 2-орын Айтмурзаева Роза, 3-орын Буртцова Асыл, 18-35 жас ерлер арасында: 1-орын Елисимов Қайсар, 2-орын Меренов Мехрижанең, 3-орын Оралбек Айбек , 35 жастан жоғары ерлер арасында: 1-орын Қожахметов Ардақ, 2-орын Қапалбаев Азамат, 3-орын Әбдумутәліп Бағдәулет иегерлері бағалы силықтармен және естелік медельдарімен марапатталды.


Марапаттау рәсімінен соң Габбасов Арнур, +35 жас санатындағы ерлер арасында жүгіріп, өз әсерімен бөлісті. «Бүгінгі жарыс керемет басталып, жоғары деңгейде аяқталды. Жарыс алаңы да өте жақсы ұйымдастырылған. Денсаулығымызды ойлап, осындай жарыстарға жиі қатысып тұрайық!» деді. Сондай-ақ Қожахметов Ардақ Амангелдіұлының отбасы қолдау білдіріп, ерекше көзге түскен отбасылардың бірі болды. «Мен Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туылдым, ал қазір осы Қонаев қаласының тұрғынымын, әйелім және 3 ұл 1 қызым бар. Осы жерде Десанттық-шабуылдау әскері 35-ші гвардиялық Десанттық-шабуылдау бригадасында рота командирімін. Марафонға екінші рет қатысуым. Алдағы уақыттарда марафондарға қатысуға ниеттімін. Ал марафон бойынша 35+ жас аралығынан бірінші келдім, қатты қуаныштымын» деп өз әсерімен бөлісті

. Барлығының назарын аударған 12 жастағы Бақыт Ерасылда өзінің екінші рет марафонға қатысып жатқанын, спортқа деген махаббатының ерекше екенін айтып өз ойымен «Мен Алматы облысы, Райымбек ауданынан арнайы марафон үшін келдім, алдыңғы қатысқан жарысымнан да жүлделі орын алған болатынмын, көптеген үлкен жастағы адамдардың арасында бақ сынау мен үшін үлкен қуаныш, жарыс барысында шаршап, аяғым тартылса да тоқтамадым, қатысушылардың алдыңғы шебінде келгеніме мақтанамын, чемпион болғым келеді» деп бөлісті.

Алматы облысы Райымбек ауданынан Балалармен Спорт Мектебі Бжсм жеңіл атлетикадан тренерОралбай Айбек өзімен бірге 3 шәкірт әкелгенін айта кетті. Олар: Қайыпбаев Азамат, Ілияс Қайсар, Бақыт Ерасыл есімді мектеп оқушылары. Және аталған оқушылар да жүлделі орындар алғанын үлкен мақтаныш санайтынын да айтты. Ілияс Қайсар есімді шәкірті тіпті өзін озып мәреге ең алғашқы болып келгенін ал өзінің 3-орын иегері атанғанын, «Ұстаздан-шәкірт озады» деп қысқаша жеткізді.

Сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданынан келген 19 жасар Ғаниқызы Іңкәрда марафондарға 4 жылдан бері қатысып келе жатқанын айтты, жүлделі орындар алып жүргенін де айтты. «Соңғы 4 жыл бойы жүгіру марафондарына тұрақты түрде қатысып келемін. Әр жарыс мен үшін – тек спорттық сын емес, өз-өзімді жеңудің, шыдамдылық пен тәртіпті шыңдаудың мүмкіндігі. Қонаев қаласында өткен 5 шақырымдық жүгіру жарысы ерекше әсер қалдырды. Жарыстың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды, қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Қаладағы атмосфера, қолдау көрсеткен көрермендер мен басқа жүгірушілердің энергиясы маған үлкен мотивация берді. Бұл қашықтық мен үшін аса ұзақ болмаса да, әр жарысқа бар күшімді салып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Қонаевтағы жүгіру менің тәжірибеме тағы бір маңызды қадам болып қосылды. Алдағы уақытта да осындай жарыстарға қатысып, өз нәтижелерімді жақсартуды мақсат етемін.» деді ол.


Қонаев қаласында өткен марафон – тек спорттық жарыс қана емес, салауатты өмір салтын дәріптейтін, адамдарды бір мақсатқа біріктіретін маңызды шара екенін атап өткен жөн. Бұл додада әр қатысушы өз мүмкіндігін сынап, төзімділік пен табандылықтың шынайы үлгісін көрсетті. Жарыс барысында қалыптасқан достық атмосфера, ұйымдастырушылардың жоғары деңгейдегі жұмысы іс-шараның мәнін одан әрі арттыра түсті.Марафон – жеңімпаздарды ғана анықтайтын алаң емес, ол әр адамның өз-өзімен бәсекеге түсіп, жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын мүмкіндік. Қонаевтағы бұл жарыс көптеген жастарға шабыт беріп, спортқа деген қызығушылықты арттырды деп сеніммен айтуға болады. Бұл марафон-денсаулықты нығайтуға, рухани жігерді арттыруға және қоғамда белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарқын үлгі.Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жарыстардың саны артып, қатысушылар қатары көбейе берсе, еліміздің спорттық мәдениеті де жаңа деңгейге көтеріліп, бұқаралық спорттың дамуына серпін беретіні сөзсіз.
Шолпан Аралқызы







