2026 жылдың 23 сәуір күні Қонаев қаласыныңкітапханасында Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орайерекше рухани шара өтті. «Жас таланттың жарқын жолы» аттыкеш аясында жас қаламгер Ажар Сұлтанның «Аспандыбағындырған балапан» кітабының тұсаукесеріұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – жас қаламгердіңшығармашылығын кеңінен таныстыру, кітапты оқырман қауымға насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды. Сонымен қатар, бұл кеш жас таланттарды қолдау мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Кешке жергілікті зиялы қауым, ұстаздар, кітапханашылар, оқушылар мен оқырмандар қатысты. Шара барысында арнайы қонақтар таныстырылып, Алматы облысы жазушылар одағының төрағасы Ержан Тоқтар жас қаламгерге жүрекжарды тілегін арнап, шығармашылық жолына сәттілік тіледі. Кеш барысында көрермендерге «Аспанды бағындырған балапан» кітабының буктрейлері ұсынылып, туындының мазмұны мен идеясы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптың тұсауынАлматы облысы жазушылар одағының төрағасы Ержан Тоқтар, “Respublika” партиясының Алматы облыстық филиалының орынбасары Кабасов Бахтияр және Ажар Сұлтанның ұстазы Амреева Әлия Хамиқызы салтанатты түрде кесті, оған қатысқан зиялы қауым өкілдері авторға ақжарма тілектерін білдірді.
Шараның көркемдік бөлігінде №2 орта мектептің 2 сынып оқушысы Пірмұхамед Медина мен №3 орта мектептің 6 сынып оқушысы Әлімжан Айша әуезді әндерін орындап, Тулекова Шырайлым Саркытбекқызы жетекшілік еткен “Нұр-Бөбек” бөбекжай-балабақшасы бүлдіршіндері кітап желісі бойынша әсерлі көрініс қойды. Бүлдіршіндердің шынайы ойыны көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кештің маңызды сәттерінің бірі – автор Ажар Сұлтан оқырмандармен өз шығармашылығы туралы ой бөлісіп, кітаптың жазылу тарихына тоқталды. Сондай-ақ оның ата-анасы да сөз алып, ізгі тілектерін жеткізді.
Шара соңында кітапхана басшысы Актанова Айгүл Бегімбаевна қорытынды сөз сөйлеп, мұндай әдеби кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Ол жас қаламгерге шығармашылық табыс тілеп, оның туындылары алдағы уақытта да оқырман жүрегінен орын табатынына сенім білдірді.
Жалпы, бұл кеш жас таланттың жарқын болашағына бағытталған маңызды қадам болды. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақты кітап оқуға баулып, олардың рухани дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.
М.Ултаракова,
Кітапханашы

