Alatau Hub алаңында цифрлық сауаттылықты дамыту мәселесі талқыланды

2026 жылғы 28 сәуірде Alatau Hub алаңында цифрлық дағдыларды дамытуға, стартап-экожүйеге және жасанды интеллект мүмкіндіктеріне арналған оқыту іс-шарасы өтті. Бастаманың негізгі мақсаты – қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологиялық трендтер туралы ақпарат беру болды.

Іс-шараға 40-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында«AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының өкілдері, IT-қоғамдастық мүшелері, бизнес және қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген студенттер бар. Қатысушылар цифрлықтрансформацияның өзекті бағыттарымен танысып, жаңабілім алып, өзара тәжірибе алмасты.

Бағдарлама аясында Alatau Hub директоры Жұмахан Жазира«Цифрлық сауаттылық – бәсекелік артықшылық» тақырыбында воркшоп өткізді. Баяндамада цифрлықтрансформацияның негізгі аспектілері, стартаптардыдамыту тетіктері және Astana Hub экожүйесінің өңірдегітехнологиялық командалар мен кәсіпкерлерге ұсынатыннақты мүмкіндіктері қамтылды. Қатысушылар тек теориялық ақпарат алып қана қоймай, өз саласынақарамастан цифрлық экономикаға кірудің нақты жолдарынкөре алды.

Бағдарламаның ерекше бөлігі ретінде шақырылған сарапшы– TwinMind компаниясының бұрынғы AI-инженері ЖұлдызЖапар сөз сөйледі. Оның «Жасанды интеллект: мүмкіндіктері, шектеулері және шынайылығы» тақырыбындағы баяндамасы AI дамуының негізгітрендтерін, оның практикалық әлеуетін және қолданушекараларын қамтыды. Спикер халықаралық деңгейдегінақты жобалар барысында жинақтаған тәжірибесімен жәнекейстерімен бөлісті. Көптеген қатысушылар үшін бұлшетелде нақты AI өнімдерімен жұмыс істеген маманменалғашқы тікелей байланыс болды.

Іс-шараны өткізу цифрлық технологияларды кеңіненнасихаттауға, өңірдегі IT-қоғамдастықты нығайтуға жәнетехнологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруғабағытталған. Мұндай бастамалар оқытуға, тәжірибеалмасуға және инновациялар мен жасанды интеллект саласында кәсіби дамуға қолайлы орта қалыптастырады. Alatau Hub-тың жүйелі жұмысы Алматы облысын цифрлықболашаққа ұмтылғандар үшін тартымды орталыққаайналдырып келеді.

Ерлік Кебекбай

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke