БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің  ұйымдастыруымен қалалық әкімдіктің қолдауымен бильярдтан ашық турнир болып өтіп, оған  алпыс жастан асқан 28 ардагер қатысты. Турнирдің мақсаты-салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, ардагерлердің абыройын асқақтату, жастарға үлгі көрсету және бұқаралық спортты дамыту.

Іс-шараны Қонаев қалалық әкімдігі денешынықтыру және спортты дамыту орталығының директоры Асқат Дәулетжанұлы мен  қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Базарбай Оралбаев құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

​Жарысқа қатысушылfр 60-70 жас аралығы және 70 жастан асқандар болып екі топқа бөлініп,  8 бильярд үстелінде  жарыс көрігін қыздырса, оларға  Мұрат Жазиевәділ төрешілік етті. 

Өте тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облыстық Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Қанат Молдабергенов, екінші орынды Еркін Жақсатаев, үшінші орынды ЕвгенийКим иеленді. Турнир жеңімпаздары арнайы кубокпен, дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшіміз

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke