Олжас Бектенов: кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Премьер-Министр Олжас Бектенов кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізіп, оған Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Жиында елдегі кәсіпкерлік саласының қазіргі ахуалы, салық реформасының алғашқы нәтижелері және бизнесті қолдауға бағытталған шаралар қаралды. Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығынан түсетін түсім 15,7 пайызға артқан. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің саны шамамен 550 мыңға көбейгені айтылды.

Кеңесте салық заңнамасына енгізілген өзгерістердің бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, кәсіпорындардың айналым қаражатын сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Жиын қорытындысында Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды. Бұдан былай Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік саласының жағдайына ай сайын кешенді талдау жүргізіп отырады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы – https://primeminister.kz/ru/news/olzhas-bektenov-provel-soveshchanie-po-voprosam-razvitiya-biznesa-31716

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke