БҚО-да «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі басталды

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Сұлукөл ауылында дәстүрлі «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі өз жұмысын бастады. Екі күнге созылатын іс-шараға Қазақстаннан және шетелден 40-тан астам компания қатысып, ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялар мен жаңа өнімдерін таныстыруда.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль аясында шаруалар аграрлық сектордағы соңғы жаңалықтармен танысып, ветеринария, өсімдік қорғау және заманауи егіншілік бойынша тәжірибелі мамандардың кеңесін алуға мүмкіндік алды.
Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің еліміздегі жетекші аграрлық аймақтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мал және егін шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл кейбір шаруашылықтар күздік бидайдың әр гектарынан 100 центнерге дейін өнім жинаған.
Сондай-ақ өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіп кешеніне көрсетілетін қолдау айтарлықтай артқанын айтты. Соңғы үш жылда облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 190 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін көбейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлайды: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1266786?lang=kk

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke