«ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ» ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қонаев қаласында «Әділет» партиясының қалалық сайлауалды штабының мүшелері Қонаев қалалық Мәдениет үйінің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында мәдениет саласын дамыту, шығармашылық қызметкерлердің еңбек жағдайы, әлеуметтік қолдау, еңбекақы, жастарды мәдениет саласына тарту және мәдени инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.

Жүздесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Еңбек ұжымы өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ортаға салып, мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту, материалдық-техникалық базаны жаңарту және шығармашылық жобаларды қолдау жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу барысында мәдениет нысандарын жаңғырту, жас таланттарды қолдау, мәдени-көпшілік іс-шаралардың сапасын арттыру және мәдениет саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар мәдениет саласын дамыту, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және қаланың рухани дамуына үлес қосу бағытында өзара пікір алмасты.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke