Алматы мектептерінің асханасын конкурс арқылы жалға алу монополияланып кеткен. Асхана конкурсы жайлы Алматыда дау соңғы жылдар тым көбейіп барады. Оның басты себебі, оқушыларды тамақтандыратын кәсіпкерлерге қысым көп. Конкурсты ұтып алған тәжірибелі кәсіпкерлерге бөгет жасап, қысым көрсететін заңгер пайда болған. Олар тіптен қай мектепті кімнің компаниясының ұтатынына дейін анықтап, конкурсқа заңды қатысып, көнбейтіндерге қысым жасайтын болған.
1996 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, 80 адамды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтып отырған «Болашақ» ЖШС бүгінде жабылу қаупімен бетпе-бет келіп отыр. Компания басшылығы бұған мектеп асханаларын жалға алу және оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік сатып алу конкурстарында орын алған күмәнді схемалар себеп болғанын айтады. Атап айтқанда, конкурсты жеңіп алған өзге қомпания болса, іс жүзіндегі жұмыс жасап тұрған мүлдем басқа ұйымдар болып шығады.
Компания директоры Назира Рыспекованың айтуынша, олардың отбасы бұл салада отыз жылға жуық еңбек етіп келеді. Алдымен анасы бастаған кәсіпті бүгінде өзі жалғастырып отыр.
«Осы уақытқа дейін тыныш қана өз жұмысымызды атқарып келдік. Заң бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған компания шартқа өзі қол қойып, міндеттемелерді өзі орындауы тиіс. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. Бізге Досымжан деген заңгер қысым көрстеіп келеді. Ол бұрын Білім басқармасында жұмыс істеген. Қазір жеке заңгер, осы мектеп асханасына қатысатын компанияларға құжат жасаумен айналысады. Қай мектепті кімнің жеңетінін шешіп жүреді, көнбегендерге түрлі түрлі қысым жасайды», – дейді Назира Рыспекова.
Оның айтуынша, Алматы қаласындағы №206, №207, №221, №10 және №224 мектептерде мемлекеттік сатып алу конкурсын бір компания ұтып алғанымен, мектеп асханаларында нақты қызметті мүлде басқа тұлғалар атқарып жүргені анықталған. Компания директоры, мұндай жағдайда конкурсқа қатыспаған үшінші тұлғалардың заңсыз араласуы орын алғанын алға тартады.
«Балтабаев Досымжан деген бұрынғы білім бөлімінің қызметкері, қазір жеке заңгер. Ол қазір осындай тендермен айналасатындарға заңдық жағынан кеңес береті, құжаттарын жасаумен айналысатын адам. Алайда Досымжан басқа компаниялардың ИП-сын заңды тіркетіп, ал іс жүзінде өзінің әйелі Сәкенова Аселдің (ТОО Повара от А до Я), енесі Үміттің (Бунгало Драйв) жұмыс істетіп отыр, яғни қазіргі дау болып жатқан мектептерде құжат күйінде басқа адам көрсетілген, іс жүзінде ол өзгелерге арендаға берілген. Яғни, нағыз жұмыс істеп, QR-төлемдер түсіп жатқан сол Балтабайдың жақын туыстары. Мемлекеттік конкурста ұтып алғандар емес», — дейді Назира Рыспекова.
Осыған байланысты «Болашақ» ЖШС Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінен аталған мектептердегі мемлекеттік сатып алу шарттарының нақты орындалуын, бюджет қаражатының қозғалысын, QR-төлемдердің заңдылығын және уәкілетті органдардың әрекеттерін жан-жақты әрі объективті тексеріп, тиісті құқықтық баға беруге шақырып отыр. Ол заңгер тарапынан өзіне де, өзге әріптестеріне де қысым жасалып отырғанын айтады. Сөзінше, Келешек мектептері бойынша конкурсқа қатысу тіптен сорақы. Оған қатысу үшін тағыда да әлгі адамдардың көңілін табу керек.
«Ең болмаса менімен қатар конкурсқа түсіп жатқан компаниялар емес, қалай Досымжан мектептердің директорларына осындай талаптар қоя алады? Керек десе заң орындарының да адамы емес, былтыр менің үстімнен неше мәрте тексеріс жүргізуді талап етіп, тексертті. Бірақ мен бәрінің заңды екенін дәлелдеп шықтым. Досымжанның әйелі Асел де шығып, «осы мектептерге конкурсқа қатыспай ақ қоясыз ба, біз қатысайық десек, мүмкіндігіміз жетпей жатыр» деп өтініш те айтқан. Менде олардың Келешек мектептеріне қатысу үшін, ұтып алу үшін айтқан сөздері бар, аудиолары сақтаулы. Сосын бұның бәрін реттеуі тиі «ДВГА» — ның әрекетсіздігі. Досымжанның біздің жұмысқа деген самоуправствосы, оның бізді нарықтан ыстып тастау үшін жасаған заңсыз жала арыздары біздің репутациямызға әсер етіп, кесірін тигізіп жатыр. Олар тіптен мектептің басшысына дейін бізбен жұмыс істеуден бас татуды сұрап қорқытып, арыздар жібереді. Ал олардың жаласынан қорыққан мектеп басшылары бізді эконом сотқа беріп отыр. Мен шағым түсіргенде мемлекеттік органдар, тексеруге құқығымыз жоқ дейді де, қарсы жақтың арызына жылдам жауап береді. Бұл жердегі ең үлкен заңбұзушылық, асханаларды субарендаға беру», — дейді кәсіпкер Назира Рыспекова.
Алда оқу жылы жақындады, ал осы нарықта 30 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан комания жалақорлық пен ескі Қазақстанның әдісімен қорқытудың құрбаны болса, ал 80 адам жұмыссыз қалмақ.
«Осы Досымжан деген үшін Алматының мектептері атсынан-апасынан қалған мұра секілді, кімнің жұмыс істеуін сол шешеді. Бұл нағыз сорақылық. Мемлекеттік органдар тексеріп, тоқтау салсын. Кімнің қай мектепте жұмыс істеуін сол шешеді, сұмдық қой. Досымжан рұқсат бермесе басқа компаниялар конкурсқа қатысып, нарыққа кіре алмайды. Сосын конкурсқа нақты тәжірибесі бар компаниялар қатысып, жауапты мектептерді өзге үшінші адамға жалға бермеу керек. Қоғам бұл заңсыздыққа назар аудару керек. Прокуратура қарауға алсын, назар салсын», — деді ол.
Ал Редакциядан: Бұл мақалада келтірілген мәліметтер мен пікірлер «БОЛАШАҚ» ЖШС директоры Назира Рыспекованың ұстанымына негізделген. Дауға аты аталған тұлғалар мен мемлекеттік органдардың өз ұстанымын білдіруге толық құқығы бар. Редакция олардың ресми жауабын жариялауға дайын.


