Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен жауапкершілік, елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық қасиеттерді қалыптастыратын ардақты мамандық иесі. Бүгінгі шәкірттің жетістігі мен ертеңгі ел болашағы ұстаз еңбегімен тікелей байланысты.
Қонаев қаласында білім саласын дамытуға, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға және оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде.
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, ізденістеріңіз бен шәкіртке деген жанашырлықтарыңыз – үлкен құрметке лайық. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Әр шәкірттің жетістігі сіздерге қуаныш пен мақтаныш сыйласын!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Қонаев қаласының әкімі
Асхат Бердіханов

